«Устинов троллит» танымал телеграм каналының авторы әрі жетекшісі Александар Устиновты Мәскеудің Пресненский соты 14 жылға соттап жіберді.
Бұл туралы
eadaily.com сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады.
Сот барысындай белгілі болғандай Устинов бағдарламашы Старк және журналист Бесценныймен бірге әртүрлі калибрдегі шенеуніктерге компромат жинап, оны жариялаймын деп қорқытып, бопсалаумен айналысқан екен. А.Устинов Екатеринбург қаласында кезекті адамнан ақша алып тұрған жерінен ұсталған.
Антон Старк пен Иван Бесценныйда алаяқтық бойынша айыпты деп танылып, 10 және 12 жылға бас бостандықтарынан айырылған.