Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 қараша, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Сұмдық! Атырауда 7 баланың анасын пышақтап тастаған

Сұмдық! Атырауда 7 баланың анасын пышақтап тастаған

Сұмдық! Атырауда 7 баланың анасын пышақтап тастаған
ашық дереккөзі
Атырау облысында ер адам жеті баланың анасын өлтіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. Қайғылы оқиға 26 қарашаға қараған түні Жылыой ауданының Құлсары қаласында болған. 35 жастағы әйел бірнеше жерінен пышақталған, соның салдарынан жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін сол жерде жан тапсырған. Адам өлтіру себептері анықталып жатыр. Марқұмның артында жеті баласы мен күйеуі қалды. Адам өлтірген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол Жылыой ауданының 25 жастағы тумасы болып шықты.