Шетелде міндетін атқарады, бірақ елде емес: біздің әуекомпаниялары неге мұндай?

Шетелде міндетін атқарады, бірақ елде емес: біздің әуекомпаниялары неге мұндай?

ашық дереккөзі

Бірде Лондоннан елге ұшатын кезде Air Astana рейсті кешіктірді. Кешіріңіз дегендей 30-40 фунтқа талон берді. Ол талонға әлгі әуежайдан тегін тамақ алып жеуге болады (шетелде міндетін атқарады, бірақ елде емес).
Бізде SCAT, FlyArystan рейсті бірнеше сағатқа кешіктірсе де, кешірім сұрау жоқ. Жаңа арыстандықтар 2,5 сағат рейсті ұстап тұрды. Себеп не десек, борт жоқ дейді.
Сонда билет сатады, бірақ ұшақ жоқ.
Комитет Гражданской Авиации деген ондайларға көз жұмады. Тек жыл соңында әдемі статистика шығарады, болды!
Былай қарасаң, қанша адам жолдан қалды, жоспары бұзылды. Себебі әуе компаниясы ақша алса да, өз міндетін дұрыс орындамады. Бұған көбіміздің етіміз үйреніп кетті. Содан бола береді деп қабылдаймыз.
Ал ҚТЖ пойыздары 5-6 сағатқа кешіксе, ешкімді таңқалдырмайды. Ұсақ нәрсе дерсің, бірақ жөні түзу қоғам осындай дүниеден басталады.
P.S. шетелдік лоукостерлерді кіргізетін уақыт жетті ғой. Олар бәсекенің көкесін көрсетер еді.
Нұрмұхаммед БАЙҒАРА
P.P.S. Автор посты сайтқа салынып жатқан тұста Aviata қызметі "Чёрная пятница" деген сөзді "Жасыл жұма" деп қазақшалап айды аспанға бірақ шығарды...
 width=

Жүктелуде...