Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз.
Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Бийскіде 56 жастағы ер адам жолдасымен жанжалдасып, артынша оны өлтіріп алған. Оны жеке учаскесінің аумағына жерлеген. Оған кісі өлтірді деген айып тағылды, деп хабарлайды Ресей Федерациясының Алтай өлкесіндегі тергеу комитеті.
Ведомствода нақтылағандай, айыпталушы мен марқұм — Автомобилист күнін атап өткен. Ішімдік ішу кезінде олар жанжал шығарды: достарының бірі екіншісінің марқұм әйелін қорлаған. Артынша ер адам досын пышақтап, басынан балғамен соққылап тастаған. Осыдан кейін айыпталушы ұйықтап, таңертең өлтірілген адамның денесін үйдің ауласына көміп тастаған.