Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз.
Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Түркістан облысы, Созақ ауданына қарасты Қарағұр ауылының тұрғыны Мақпал Тұрсынбаеваның үйсіз жүргеніне 4 жыл болды. Бүгінде көпбалалы ана 4 баланы жалғыз өзі асырап отыр. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай кәсіпкер, «Nur Otan» фракциясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Бағлан Сүгірбаев жалғызбасты анаға 5 бөлмелі үйдің кілтін табыс етті. Үймен қамтамасыз еткен кәсіпкер азаматқа ауыл тұрғындары да дән риза.
«Тұрмыс тауқыметін тартып жүрген жанға көмек қолын созу – біздің азаматтық парызымыз», – дейді Бағлан Қанжарұлы.
Айта кетейік, Созақ ауданында 200-ден астам көпбалалы ана үй кезегінде тұр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі