Әлеуметтік желіде Тоқаевтың баннердің жанында түскен суреті пікірталас тудырды
Әлеуметтік желіде Тоқаевтың баннердің жанында түскен суреті пікірталас тудырды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы іссапары барысында түскен суреті әлеуметтік желі қолданушыларын шулатты. Желі пайдаланушыларының айтуынша, суреттегі "Біз біргеміз" сөзінің ағылшынша аудармасында қате жіберілген, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап
Бұл сурет Ақорда сайтында жарияланған болатын. Тоқаев Алматыдағы іссапар барысында бірнеше нысанның жұмысымен танысып шыққан еді. Оның ішінде алматылық әуежай да бар. Қате кеткен баннер суреті мобильді скрининг орталығында жасалған.
"Біз біргеміз" тіркесін ағылшын тіліне "We together" деп аударыпты. Алайда оның дұрыс нұсқасы "We are together" болады ғой", - деп жазыпты желі пайдаланушысы
Айта кетерлік жайт, осы сынды қысқартылған тіркестер желілерде жиі қолданылады. Мәселен, "Stay home", яғни "Үйде бол" тіркесінің дұрыс жазылуы "Stay at home" екен.
Осы тұрғыда ҚР президенті кәсіби дипломат ретінде ағылшын тілін қосқанда бес тілде сөйлей алатынын ескеру қажет.
Ең қызығы, сурет қазіргі таңда Ақорда сайтынан өшірілген.