Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 қазан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жамбыл облысында 37 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр

Жамбыл облысында 37 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр

Жамбыл облысында 37 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр
ашық дереккөзі
Тараз қаласында 37 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде 21 тұрғын үйден 1 091 пәтер пайдалануға берілген. Өңірлік коммуникация қызметінде өткеп брифингте Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев осылай мәлімдеді. Бұдан өзге, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 34 жаңа тұрғын үйдің құрылысына 8,9 млрд теңге бөлінсе, қыркүйек айында 26 тұрғын үйдің құрылысына 7 млрд теңге түскен. Сондай-ақ, осы жылы онкологиялық орталық бой көтерген. Бұл да қаладағы сан жылдардан бері келе жатқан өзекті проблеманың бірі болатын. Заманауи құрал-жадықтармен жабдықталған диспансерде дұрыс ем қабылдауға бар жағдай жасалған. «Биыл Таразда сақалды құрылыстар мен қызыл сызық бойында тұрған нысандар бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілді. Бүгінде құрылысы ұзақ уақыт бойы тоқтап тұрған 12 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде, 23 нысан бойынша материалдар сотқа жолданды. Инфрақұрылымды дамыту, инженерлік-коммуникациялық жүйелерге байланысты мәселе қала әкімдігіне келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің 46%-ын, әлеуметтік желілердегі көтерілетін мәселелердің 80%-ын құрайды.
Ағымдағы жылы 10 көшенің су құбыры жүйелері жөнделді. Қаладағы 26 көшеге ұзындығы 44,4 шақырым жол және 12,5 шақырым шағал жол орташа жөндеуден өткізілуде. Қазір 17 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталса, 8 нысанда жұмыс жүріп жатыр. Оның ішінде 30 жылдай асфальт жабындысы салынбаған Сухамбаев көшесінің 3-бұрылысы, Әулиеата, Есенин көшелері бар», — деп атап өтті Е.Жылқыбаев.