- Liteka (https://liteka.ru/) – ағылшын тілінде кітап оқуға болатын сайт. Тиімділігі әр сөзді басқан сайын аудармасы мен оның айтылуы дереу шығады. Сонысымен ерекше сайттардың бірі.
- Fenglish (https://fenglish.ru/films/) – ағылшын тілді фильмдарды субтитрымен көруге мүмкіндік беретін бірегей сайт. Тілді үйрену үшін фильмнің жылдамдығы мен субититр интервалын қалауыңызша өзгерте аласыз. Өкініштісі, субтитрлар орыс тілінде.
- TED (https://www.ted.com/talks) - TED talks – денсаулықтан бастап, бизнеске дейінгі түрлі тақырыптардың тұздығы берілетін алаң. Субтитрлары да бар көрінеді. Әр тілдегі сөздерді көре аласыз. Жалпы тіл үйрену үшін таптырмас жер.
- PlayPhrase (https://www.playphrase.me/#/search?q=say+me) – фразалармен жұмыс істейтін сайт. Фильмдердегі үзінді сөздерді кесіп алып, фраза түрінде үйрене аласыз.
- CorrectEnglish (http://www.correctenglish.ru/theory/) – тіл теориясына арналған сайт. Бұл жерде Сіз қалаған ережеңізді тауып, өзіңізге керектісін түсіне аласыз.
- Begin-English (http://begin-english.ru/) - ағылшын тілін енді үйреніп жүрген адамдарға арналған сайт. Теориясы қарапайым әрі түсінікті тілде берілген.