weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
28 қазан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтауда бойжеткенді танысы көлікте зорлаған

Ақтауда бойжеткенді танысы көлікте зорлаған

Ақтауда бойжеткенді танысы көлікте зорлаған
ашық дереккөзі
Ақтауда автокөлікте қыз зорлау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақтауда тұратын бойжеткенді танысы көлікте зорлағаны туралы «Немолчи» қозғалысының әлеуметтік желідегі жазбасы жарияланды, newsroom.kz.порталы. «Ол қыз пәк болатын. Кеше полицияға арыз берілді, бірақ әлі күнге дейін тергеуші белгілі емес, жәбірленушінің киімін де алған жоқ. Полицейлер күдіктіні ұстамады, оқиға орны да қаралған жоқ, көлікті айып тұрағына қоймады, тіпті сараптама да тағайындаған жоқ», – деп жазылған мәліметте. Осыған қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. «2021 жылы 26 қазанда Ақтау қаласы полиция басқармасына қыз бала танысының оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскені туралы жазбаша арыз жазған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр», – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.