Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Енді бұл қызметті Алмас Сәдубаев атқарады, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Алмас Қадырбекұлы 1984 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген, білімі жоғары. 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы университеттін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақстан-Тараз» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің редакторы болып бастаған.
2005-2008 жылдары, жаңалықтар бөлімінің редакторы, «Қазақстан ұлттық телеарнасы» АҚ PR-директоры, 2008-2010 жылдары республикалық «Заң» газеті және журналының бас редакторы, 2010 жылы- Жоғарғы сот төрағасының баспасөз хатшысы, 2010-2011 жылдары- президент әкімшілігінің сарапшысы, 2011-2015 жылдары «ҚР ІІБ Медиа орталығының» бас директоры, Ішкі істер министрінің баспасөз-хатшысы болған. Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры лауызымын атқарған.
Өткен жылдың шілде айынан бүгінге дейін Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.