Африканың бір мемлекеті цифрлық валютаға өтіп кетті

Африканың бір мемлекеті цифрлық валютаға өтіп кетті

ашық дереккөзі

Алыс Африкадағы Нигерия мемлекеті континенттегі цифрлық валютаға өткен тұңғыш ел болып отыр. Бұл туралы reuters.com басылымына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады. Hyperledger Fabric блокчейнінде жұмыс істейтін жаңа электронды валюта – eNaira деп аталады. Бұл валюта түрі елдің ресми ақшасы – найраның курсына теңестіріліп отырады екен. Ел президенті Мухаммаду Бухаридің сөзінше бұл қадам елдің алдағы он жылдығында 29 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция әкелуі мүмкін. Салық базасының жұмысын да нығайтады деген оның сөзінше криптовалюта елге тартылатын инвестицияға да оң әсер етеді. Цифрлы Валютаның Орталық Банкін қадағалайтын Атлантикалық кеңестің мәліметінше қазір бес ел ЦВОБ қызметін бастап кетсе, одан өзге Оңтүстік Корея, Швеция секілді елдер бастаған он төрт ел пилоттық режимде жұмыс істеуде.

Жүктелуде...