Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 қыркүйек, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: коронавирус инфекциясына шалдығу көрсеткіші 36%-ға төмендеген

Түркістан: коронавирус инфекциясына шалдығу көрсеткіші 36%-ға төмендеген

Түркістан: коронавирус инфекциясына шалдығу көрсеткіші 36%-ға төмендеген
ашық дереккөзі
Түркістан облысында коронавирус инфекциясына шалдығу көрсеткіші 36%-ға төмендеген, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн-брифинг өтті. ZOOM платформасы байланыс орнату арқылы ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Түркістан облысындағы эпидемиологиялық ахуал мен екпе егу жайы айтылды. Өңірде соңғы екі аптада коронавирус инфекциясына шалдығу көрсеткіші 36%-ға ал, вирусты пневмония 43%-ға төмендеген. Сондықтан, Түркістан облысы эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «Жасыл» аймақта. «Түркістан облысында жыл басынан коронавирус инфекциясының 9706 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Оның ішінде 5095 симптомды, 4611 жағдай симптомсыз. Сонымен қатар 5881 вирусты пневмония тіркелген. Облыста жалпы 131 мобильді топ карантин режимі талаптарының сақталуы бойынша рейд жүргізу кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 4199 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 238 млн теңге айыппұл салынды»,- деді облыстың бас мемлекеттік-санитарлық дәрігері Нұрбек Нышанов. Облысқа ағымдағы жылдың 1-ақпанынан вакцинаның 816 640 І компонентті дозасы, ІІ компоненттен 663 280 доза вакцина жеткізілген. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, өңірде COVID-19-ға қарсы егуге жататын 937 000 адамды вакцинамен қамтамасыз ету жоспарланған. Қазіргі таңда олардың 83,6 пайызы І компонентті, 66,69 пайызы ІІ компонентті салдырған.