Түлкібаста жас маман жобасы жүзеге асырылуда

Түлкібаста жас маман жобасы жүзеге асырылуда

ашық дереккөзі

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Жас маман» жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жобаның мақсаты –сұранысқа ие мамандықтар даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу. « Жас маман» жобасын іске асыру нәтижесінде білім беру ұйымдары ұлттық және халықаралық деңгейде сұранысқа ие мамандықтарға қажетті заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылады сондай-ақ өз аймағының мәлімделген мамандықтары бойынша құзіреттілік орталықтарына айналады. ​ ​ Қазіргі таңда Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі​ «Жас маман» жобасына екі мамандық бойынша , яғни «Фермер шаруашылығы» мен «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі» мамандықтары бойынша жобаға енген. Бүгінде осы жоба аясында колледж базасына жоғарыда аталған мамандықтарға​ заманауи құрал-жабдықтар мен ауыл шаруашылық техникалары ​ әкелініп, толықтырылып жұмыс жүргізуде. ​ ​ ​ Өңірлердегі осы бағыт бағыт бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды зерделеу мақсатында арнайы құрылған жұмыс тобымен Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы ТжКБ бөлімінің бас маманы Р.Нәлжігітова мен «Talap» КЕАҚ бас маманы Э.Бекташов​ Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінде болып жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Жүктелуде...