Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 қыркүйек, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: COVID-19 жұқтырғандардың 94 пайызы вакцина алмаған

Түркістан: COVID-19 жұқтырғандардың 94 пайызы вакцина алмаған

Түркістан: COVID-19 жұқтырғандардың 94 пайызы вакцина алмаған
ашық дереккөзі
Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов дәрігерлерге вакцинация паспортын қолдан жасау туралы өтініш түссе, не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі. «Бізде вакцина паспортын сатудың бір жағдайы Кентау қалалық емханасында тіркелді. Медбике вакцина паспортын қолдан жасаған. Қазір қылмыстық іс қозғалғандықтан, тергеу ааясында егжей-тегжейлі ақпарат бере алмаймыз. Түркістан облысында вакцина паспортын сатып жатқаны туралы басқа ресми дерек жоқ. Жалғыз жағдай сол Кентауда тіркелді. Біз мұны мойындаймыз», - деген басқарма басшысы жеке өзіне ондай өтінішпен шыққандар болса, қандай жауап болатынын айтты. «Облыстың бас дәрігері ретінде жүрген жерімде вакцинаның қажеттігі туралы, оны қолдан жасатудың пайдасынан зияны көп екенін айтып жүремін. Вакцинаны бәріміз заңды түрде алуымыз керек. Қолдан паспорт жасатқаннан ешкімге пайда болмайды. Тағы да айтамын, стационарда жатқан науқастардың 94 пайызы вакцина алмаған. Менің өзіме вакцина паспортын немесе анықтама жасау туралы өтінішпен ешкім жүгінген жоқ. Ондай өтінішпен шықса, құқық қорғау органдарына мәлімдейтін едім», - деді Марат Пашимов.