Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.Айтадығой, бұл өмірде адамның тағдырын айқындайтын екі нәрсе бар: бірі – өмірлік жолдасы жары болса, екіншісі – мамандық тандау деп. Мамандық тандау - өте маңызды іс. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз.
Мен Жақсылық Оспанұлы Оралбаев 2013 жылы Көкшетау техникалық институтына оқуға түсіп 2017 жылы бітіріп шықтым. Қазіргі таңда өз мамандығым бойынша Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Сарыағаш қаласындағы №14 өрт сөндіру бөлімінде бастық орынбасары лауазымында жұмыс атқарамын. Мамандығым мен қоса лауазымымда үлкен жауапкершілік. Жеке құрам қызметкерлерімен жұмыс істеу және қандайда бір төтенше жағдай орын алған кезде дұрыс шешім қабылдай білу сиякты үлкен жауапкершілік мойнымда.
Өрт сөндіруші мамандығын қателесіп тандаған адам жоқ шығар сірә. Өрт сөндіру қызметі-бұл жай ғана жұмыс емес, нағыз ер азаматтарға ғана тән жұмыс. Мен әріптестерімді «нағыз ер жүрек азаматтар», «қаһарман жандар»,- деп айтар едім.
Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген қызметкерлеріміз қиын жағдайғатап болғанадамдарға қол ұшын созуға кез келген уақытта дайын екендері сөзсіз және осындай ерлік көрсетіп, батырлық танытып жүрген азаматтарымыз да аз емес. Өз өмірін қауіп-қатерге тіге жүріп, өзгенің өмірін құтқарып қалатын жандар, қызыл жалын тұтанған сайын ерлік жасайды.Өрт сөндіруші қызметі- қателікті кешірмейді, өйткені қызметіміз – өте маңызды және қауіпті.
Әріптестеріме амандық-саулық тілей отырып, алдағы уақытта әр біріне табысты жұмыс тілеймін.
Түркістан облысы ТЖД
«ӨСжАҚЖҚ» ММ
Сарыағаш қаласындағы №14 ӨСБ
бастығының орынбасары
азаматтық қорғау капитаны
Жақсылық Оспанұлы Оралбаев