Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
10 қыркүйек, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан облысында 5 жылда 134 мектеп салу жоспарланған

Түркістан облысында 5 жылда 134 мектеп салу жоспарланған

Түркістан облысында 5 жылда 134 мектеп салу жоспарланған
ашық дереккөзі
Өмірзақ Шөкеев Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша облыс автивімен кездесті, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі. Өмірзақ Шөкеев ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша облыс автивімен кездесті. Жиында Түркістан облысында мал азықтық қорын қамтамасыз ету тұрақты бақылауда екені мәлімделді. Облыста қажетті 3,9 млн.тонна мал азығын дайындауға толық мүмкіндік бар. Егістікті әртараптандыру бойынша мал азығы дақылдарының көлемі 2,6 мың га ұлғайып, 215,4 мың гектарға орналастырылған. Сондай-ақ, облыс басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беру бойынша жұмыстарға тоқталды. Үш аусымды мектеп санын жою және балаларға сапалы білім беруді ұйымдастыру мақсатында облыста 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Биыл 44 мектептің құрылысы аяқталады. 5 жылда 134 жаңа мектеп салу жоспарлануда. Бұдан бөлек, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы төрт ауданда заман талабына сай тереңдетілген білім беретін 4 мектеп салынады.