Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 тамыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

9000 балық өсіруде

9000 балық өсіруде

9000 балық өсіруде
ашық дереккөзі
Кәсіпкер боламын деген адам кез келген жерден табыс таба алады. Төлеби ауданы Алатау ауылдық округі Қосағаш елді мекенінің тұрғыны Әлима Темірбекова өз ауласында кәсібін көркейтіп отыр. Ол балық өсіру шаруашылығын қолға алған. Әлима Темірбекова осы шаруашылық түрін көптен бері қолға алуды жоспарлап жүрген. Кәсіпкер ауласынан шағын бассейн жасап, онда балықтың сазан және маринка түрлерін өсіруде. Балықты шабақ кезінен күтіп баптаған Әлима Темірбекованың тұқымбағында бүгінде 9000-нан астам ірілі-ұсақты балық бар. Дегенмен кәсіптің жолында көптеген қиындықтар кездескен. Әлима Темірбекова – кәсіпкер Екі жылда балығымыз өте көбейіп кетті. Жемісін аламыз дегенде жолдасым дүниеден өтті. Былтыр қатты сел келіп балығымызды шайып кетті. Биыл тағы көбейді Еліміз балық ресурстарына өте бай. Мемлекетіміздің экономикалық дамуында балық шаруашылығы ерекше рөл атқара алады. Соңғы уақытта бұл салада үлкен жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысы  биылғы халыққа арнаған жолдауында балық шаруашылығына ерекше мән беру керектігін айтты. Тапсырма барлық аймақтарда жүзеге асуда. Мақсат Жұмабаев – Төлеби ауданы Алатау ауыл округінің әкімі Аудан басшысының тапсырмасымен үй іргелік жерді тиімді пайдаланып жатырмыз. Алдағы уақытта ауылдың жастарына көрсетіп семинар өткізу жоспарда. Қолдан балық өсіру оңай шаруа емес. Себебі балықты дер кезінде жемдеп, судың деңгейін қадағалап отыру қажет. Өзен мен тұщы су қоймаларының балықтарында йод, бром мен D дәрумені біршама аз, бірақ онда ақуыз жеткілікті мөлшерде болады. Етке қарағанда балық ақуызында метионин сынды маңызды аминқышқылы болады.