Созақ ауданында «Білімді ұлт – Тұрақты даму кепілі» тақырыбында педагогикалық қызметкерлердің аудандық тамыз кеңесі болып өтті. Дәстүрге айналған, ұстаздар қауымының бас қосатын ауқымды әрі маңызды жиынның мақсаты жаңа оқу жылында жаңашылдыққа бет бұрып, оқушылардың білім сапасын арттыру.
«Білімді ұлт – Тұрақты даму кепілі» тақырыбында Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Нұрәлі Айдаров баяндама жасады. Созақ ауданында 15 мыңға жуық оқушы дәстүрлі оқу форматына көшеді. Мектепке дейінгі мекемемен бүлдіршіндерді қамту 100 % -ға жетіп отыр.. Жаңа оқу жылында білім ошақтарында оқушылар үшін сақтық шаралары сақталатынын ескертті. Өткен оқу жылында жеткен жетістіктер мен кеткен кемшіліктер барлығы осы жиында талқыланды.
Нұрәлі Айдаров – Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы
Кеңес барысында ұстаздар қауымы жаңартылған білім бағдарламасы төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Одан бөлек 1-сынып оқушыларына білім күнінде «Әліппе» және «Букварь» кітабы салтанатты түрде табысталатын болды. 2020-2021 оқу жылында 808 оқушы бітіріп шықты. Олардың 446 –сы білім грантын жеңіп алып студент атанды.
Талғат Шаймерденов – А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің директоры:
Педагогикалық қызметкерлердің аудандық тамыз кеңесін аудан әкімінің орынбасары Бағдат Айдарбеков қортындылады. Жиын соңында білім мен тәрбие беруде өз мүмкіндіктерін жоғары дәрежеде көрсетіп жүрген ұстаздар марапатталды.