Арыс қаласында жаңа мешіттің іргетасы қаланды. Ғибадатхананы салу үшін жергілікті кәсіпкер жеке иелігіндегі жер телімін сыйға тартып, сауапты іске қолдау көрсеткен. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Арыс қаласының 65 жылдығы қарсаңында құрылысы басталған мешіт қаланың бас қақпасы саналатын «Дендросаябақтың» алдынан бой көтереді, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл мешіт имандылықтың темірқазығына айналып, халқымыздың рухани құндылығын нығайтуға қызмет етеді деп сенемін», – деді мешіттің алғашқы кірпішін қалау рәсіміне қатысқан Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова.
Заманауи эскиздік жоба көпшілік тарапынан қолдау тапты. Алланың үйіне құлшылық етушілердің саны артатыны анық. Бұл игі шараны қолға алып, құрылысын эүргізгендерге ауыцл тұрғындары дән риза. Мешіт дәртүрлі ислам үлгісінде, заман талабына сай салынатын қос мұнаралы мешітте бір мезетте 1 500 адам құлшылық ете алады. Одан бөлек, мешіт ауласында 50 автокөлікке арналған автотұрақ болады.