Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
10 қыркүйек, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Спортшы балаларға бөлінген 36 млн теңге жымқырылған ба?

Спортшы балаларға бөлінген 36 млн теңге жымқырылған ба?

Спортшы балаларға бөлінген 36 млн теңге жымқырылған ба?
ашық дереккөзі
Спортшы балаларға бөлінген 36 млн теңге жоқ болды. Түркістан облысындағы методикалық орталық қызметкерлері өңірдегі мектептер мен колледждердің оқушыларына арналған қыруар қаржыны қолды қылды деп күдікке ілінді. Бұл ақша республикалық жарыстарға дайындық барысында спортшы жеткіншектердің тамағына бөлінген екен. Басшылық оны жалған құжат жасау арқылы қалтасына басқан. Қаржы мониторингі агенттігі қазір орталықтың жетекшісі мен екі қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Енді әрқайсысы 2-ден жеті жылға дейін жаза арқалауы мүмкін. Естеріңізде болса, күні кеше антикор Нұр-Сұлтандағы жетімдер үйінен 25,6 миллион теңгенің ұрланғанын әшкереледі. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап newsroom.kz. порталы хабарлайды. КАМИЛХАН ИСМАИЛОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП - ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: 0025 - 0049  "Жымқыру тиісті тізімдемеде спортшылардың қолдарын қолдан жасау жолымен жүзеге асырылды. Яғни бюджеттен қаражат бөлінген, ал спортшыларды тиісті деңгейде даярлау жүргізілген жоқ. Сондай - ақ тергеу барысында айыпталушылар, алдын-ала сөз байласу арқылы оларға қатысты жүргізіп жатқан тергеудің оң шешімі үшін департаменттің жедел қызметкеріне 6 миллион теңге сомасында пара бермек болған". https://youtu.be/KWF05pSfGQo?t=600