Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
10 қыркүйек, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Тұрғындар стадион орнына емхана салынуына қарсы

Тұрғындар стадион орнына емхана салынуына қарсы

Тұрғындар стадион орнына емхана салынуына қарсы
ашық дереккөзі
Стадион үшін жанталас! Шымкенттегі Қызылжар шағын ауданының тұрғындары стадион орнына емхана салынуына үзілді-кесілді қарсы. Себебі, 70 жылдық тарихы бар спорт орнын талқандаудың ешқандай қажеттілігін көріп тұрғанымыз жоқ деп ашынады. Ал емхананы басқа орынға салуға болады деп жиналғандар полиция қызметкерлерімен жаға жыртысуға дейін барды. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап newsroom.kz. порталы хабарлайды. Қызылжар шағын ауданының тұрғындарынан сегіз айдан бері маза қашқан. Себебі, аумағы 2 гектарға жуық стадионды жекенің меншігіндегі емханаға бергілері келмейді. Дәл осы стадионда бас-аяғы 500-ге жуық балалар спорттың үш  түрінен жаттығып, тіпті, алды республикалық және азиялық жарыстарда топ жарып келген. Енді міне, бүгін стадионның аумағы толық қоршалып, емхананың құрылыс жұмыстары басталып кеткен. ВАХИТЖАН ТАШПУЛАТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Осы аймақта бұдан басқа стадион жоқ. Мына жерге басқа қалалардан келіп ойнап жатыр. Городтың балдарыда келіп ойнайды. Тегін стадион да. Газон бәрі әдемі. Ақшаға любой жерден тауып аласың. Ал, ақша төлеп қарапайым халық ойнай алмайды. Акиматтағылар сіздерді келісім берді дейді. Келісім бергенде наездбен. Наездбен келімсім беріле ме? Қорқытып алу». Ал стадионды қорғамақ болғандарды полицейлер көліктеріне баса-көктеп салып әкеткен. Ал Бабур Аширметов деген азамат тәртіп сақшыларынан таяқ жедім дейді.  Үйінен шығып, дүкенге кетіп бара жатқан жерінен ұстап алып,  көк ала торғайдай қылып қайта әкеліп тастапты. БАБУР АШИРМЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Қарасам ана жақта топырлап келе жатқан екен. Не болды деп просто қарап тұрсам ұрып-соғып машинаға машинаға салып әкетті. И кейін ана жақа барып айналып жатқан кезде ИИН жазды. 18-ге толмағаннан кейін ана жерге қайтып әкелгеннен кейін біреуге хабарласты. Мына баланы не істейік сондай-сондай дегеннен кейін менің алдыма әкеліп таста деді. Кейін бастық көрмесін деді. Бастық алдыда көрмей өтіп кетті». ҒАЛЫМЖАН КЕНЖЕБЕК, ТІЛШІ: «Емхананың құрылысы енді тоқтамайды деген шенеуніктердің сөзінен кейін, жұмысшылар тұрғындардың өздері қолмен орнатқан орындықтарын алып тастап, айналдырған бірер сағаттың ішінде алаңның ортасын қазып тастаған». Ал, стадион мен емханаға қатысты ақ жағалылардың айтар уәжі бар. Яғни, індет күшейіп кететін болса, дәл осы шағын аудандағы ескі емхана науқастарды қабылдауға жарамсыз күйде екен. Сол себептен, жеке инвестор есебінен замануи емдеу мекемесін салу жоспарланған. БҰХАРБАЙ ПАРМАНОВ, АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: «Тұрғындардың 90 пайызы емханаға қарсымыз дейді. Жоқ ондай жағдай болған жоқ. - Яғни, олар өтірік айтып тұр ма? - Енді 68 мың адам тіркелген, сіз дұрыс түсініңіз. Бес елді мекен тіркелген бүгінгі күнде. 9-шы емхана 68 мың адамды қабылдауға, оларға қызмет көрсетуге және замануи техналогиямен қарай алмайды. Себебі, құрал-жабдықтарының барлығы ескірген, тозығы жеткен. Енді жеке инвестор есебінен осының барлығы жаңартылады». Десе де, тұрғындар жаңа емханаға арналған бірнеше орындарды ұсыныпты да. Бірақ ұсыныстарына пысқыра қарамаған шенеуніктерден қайран болмағандықтан,  енді жоғарғы жақтағылардан бір үміт күтетінін жасырмады.   https://www.youtube.com/watch?v=8yXHlBeiluI