Ата-анасының рұқсаты болмаса, балаларға вакцина салынбайды. Денсаулық сақтау министрлігі «балаларға басқа екпе ретінде коронавирусқа қарсы вакцина салынып жатыр» деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді.
Құзырлы министрлік өкілдерінің айтуынша, «Бір құтыда, бір шприцте коронавирус пен тұмауға қарсы вакцинаны әлі ешкім ойлап тапқан жоқ». Елімізде 18 жасқа толмаған балаларға вакцина тек ата-анасының берген қолхатымен ғана салынады.
Айта кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тарапынан 12-18 жас аралығындағы балаларға - Pfizer вакцинасын салуға рұқсат беріліп отыр. Егер Қазақстанға бұл вакцина келген жағдайда белгілі механизм ұйымдастырылып, халыққа алдын ала хабарланады. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасынада айтылды деп хабарлайды
newsroom.kz порталы.
https://youtu.be/2tGI_CjVLP0?t=953