Жақсылық Үшкемпіровтың ескерткіші ашылды

Жақсылық Үшкемпіровтың ескерткіші ашылды

ашық дереккөзі

Бүгін, жігіт арасында азаматы, елдің сүйікті ұлдарының бірі Жақсылық Үшкемпіровтың ескерткіші елордада бой көтерді. Араласатын ортасы тым кең болса да, әрбірімізге уақыт таба білген Жақсылық ағамызбен менде талай рет сұхбаттас болдым. Бір жолы, ағаға хабарласып: “-Аға, өте талантты жас палуан, сізден демеу керек, сағы сынбасын, соңғы кезде жолы болмай жүр”, деп бір жігітті көрсеткен едім. Жақсылық ағамыз Талғарға арнайы УТСке(жаттығуға) барып, жігітті қолдап, кейін жарыстардан кейін жағдайын сұрасып тұрды.  width= Батырлығы мен мейірімі, іскерлігі мен азаматтығы қатар жарасқан дара тұлға, кез-келген мадаққа лайық. Ал артында тұрған спорт кешені, Жакеңнің рухымен арқаланған әлі талай боз баланы Олимпиада және әлем чемпиондары ететініне сенімім мол. Себебі Алаштың бұндай алып кісілері қайтқанда да, арғы беттен елін қолдап, есімдері елге ұран болған!

Дәурен БАБАМҰРАТОВ

Жүктелуде...