weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
8 қыркүйек, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жарылыстан кейінгі тағы бір құрбан

Жарылыстан кейінгі тағы бір құрбан

Жарылыстан кейінгі тағы бір құрбан
ашық дереккөзі
Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыс құрбандарының саны 16-ға жетті. Тараз қалалық ауруханасында оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы болған Ерлан Қырғызәлиев қайтыс болды. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап newsroom.kz. порталы хабарлайды. 38 жастағы маман қоймадағы өртті жоюға алғашқылардың бірі болып кірісіп, сол жерде жарақат алған еді. Оқыс оқиғадан бері ауыр жағдайда жатқан азаматтың демі үзілгенін Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Естеріңізге салсақ, 26 тамызда Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің қоймасында өрт шығып, артынша алапат жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан 16 адам қаза тапты, тағы 90 жан зардап шекті. Марқұмдардың көбі құтқарушылар мен өрт сөндірушілер және әскери қызметшілер.