Білім алу үшін өзге ауылға сабылған балалар енді өз мектебінде оқиды. Арыс қаласының іргесіндегі Онтам елді мекенінде 150 орындық мектеп салынып жатыр. Бұл үнемі естіп жүрген жаңалық дерсіз?! Бірақ білім ордасы мемлекет есебінен емес, жеке кәсіпкердің қаражатымен тұрғызылуда. Құрылыс нысаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында қолға алынып отыр. Инвестордың игі ісі тек жергілікті ұл-қыздарға емес, осы орта білім ордасына жұмысқа тартылатын 50 азаматқа да пайдасын тигізбек. Кәсіпкер құрылысқа өз қалтасынан 600 миллион теңге бөлген. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап
newsroom.kz. порталы хабарлайды.
КЛАРА НҰРМАНОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: "Мына елді мекенге мектеп салу жоспары болған еді. Осы іс қала әкімінің қолдауымен, халықтың қолдауымен жолға қойылып жатыр. 0107 Оқушылар ұзаққа бармай, қыста жаурамай, мектеп жақын жерден болсын деп осы істі бастап жатырмыз".
2,5 гектар аумақты алып жатқан мектептің өз спорт алаңы да болады. Нысан құрылысы 2023 жылы аяқталуы тиіс. Десек те, мердігер компания нысанды алдағы оқу жылында толық бітіріп, пайдалануға беруді көздеп отыр. Айта кетейін, Онтам ауылында "Ынтымақ" атындағы шағын жинақты бастауыш мектеп қана бар екен. Ол жерде 1-4 сынып аралығындағы 50 бала білім алады. Ал 5-11 сынып аралығындағы 42 ұл-қыз Ақдала ауылындағы білім ордасына қатынап оқиды.
ГҮЛЖАН ҚҰРМАНБЕКОВА, АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: 0000 "Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев ағымдағы жылғы Жолдауында мемлекет есебінен мектеп салудан бөлек, жеке кәсіпкерлерді мектеп құрылысына тартуға тапсырма берді. 0033 Осыған сәйкес Жолдауда берілген тапсырмалар бойынша әрі қарай жұмыстар атқаратын боламыз".
https://www.youtube.com/watch?v=jVf8B2eh0jw&t=8s