Ауғанстан Ислам Әмірлігінің баспасөз хатшысы Забихуллох Муджахид Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты Өзбекстан Сыртқы істер министрлігіне құттықтау хатын жолдады.
Бұл туралы xabar.uz сілтеме жасаған
newsroom.kz порталы жазады.
Құттықтауда:
«Көрші достас Өзбекстанның Үкіметі мен халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты құттықтаймыз және шын жүректен ақ тілектерімізді білдіреміз.
Алла Тағаладан Өзбекстан халқы мен Үкіметінің ар-намысы мен жоғары қадір-қасиетін қорғауды сұраймыз.
Өзбекстан мен Ауғанстан халықтарын тату көршілік қарым-қатынас қана емес, екі елдің одан әрі жақындасуына ықпал ететін діни, мәдени және рухани құндылықтардың ортақтығы біріктіреді.
Өзбекстанмен бейбітшілік пен тыныштық жағдайында, сондай-ақ достық пен тату көршілік қарым-қатынас рухында дәстүрлі өзара тиімді ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдіреміз»,- делінген.