Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 қыркүйек, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жарылғыш зат жанып жатқан кезде оны өшіруге әрекет жасау алгоритм ба?

Жарылғыш зат жанып жатқан кезде оны өшіруге әрекет жасау алгоритм ба?

Жарылғыш зат жанып жатқан кезде оны өшіруге әрекет жасау алгоритм ба?
ашық дереккөзі
Жамбыл облысындағы от өшкенімен, мың сан сұрақ мазалаған көпшіліктің көңіліндегі өрт өшкен жоқ. Себебі айқын, анық жауап берілмеді. Жұрт өздерінше үкім кесіп жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап. Мәселен Мұхтар Тайжан былай деп жазған. Қазақшаласақ  Әскерилердің жарылғыш зат жанып жатқан апат орнынан өрт сөндірушілерге қауіп барын ескертпей қашып кеткені дәлелденсе оларды әскери трибуналмен соттау керек. Себебі жанып жатқан жарылғыш затты өшірудің қаншалықты қажеті бар еді? Енді міне, адамдар мерт болды. Ата ана баладан, бала әкеден айырылды. Әлбетте жарылғыш зат жанған кезде оны өшіруге әрекет ету дұрыс алгоритм ба? Белгілісі комиссия құрылып, оқиға орнында тексеріс жүргізіліп жатыр. Министр отставкаға кетті, орынбасары келді. Алайда қоғам белсендісі Азаматхан Әміртай ауыс-түйістен бірдеңе өзгеретініне күмәнді. «Қорғаныс министірлігіне басқа аймақтағы  басшы әкеліп қоймаған соң, Ермекбаевты орнынан алдың не, алмадың не? Ол да сол Ермекбаев шыққан жүйеден шыққан адам. Қорғаныс саласында реформа жасайды деу қиын. Жалпы біз өте қызық ұстанымы бар мемлекетпіз.  Басшы не министр орнынан кетсе, сол жерге оның бірінші орынбасары жалп етіп отыра қалады. Одан не пайда? Ол да сол өзіне дейінгі басшының ісегенін істейтіні белгілі». https://youtu.be/5gpXKnf__5Y?list=PL_blKZJ1z0cCjIX34-SJRAdE1RZHtm9z8&t=93