Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 қыркүйек, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Талғат Нәрікбаев: «Берілетін білім бағасына сай болуы керек»

Талғат Нәрікбаев: "Берілетін білім бағасына сай болуы керек"

Талғат Нәрікбаев: «Берілетін білім бағасына сай болуы керек»
ашық дереккөзі
Қазақстандық университеттерге академиялық бостандық берілген және еліміздің еңбек нарығын қажет білім бағдарламаларын өздері дайындай алады. Бірақ жоғары білім саласы бизнеске айналмауы керек деп мәлімдеді М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев. Бұл туралы newsroom.kz. порталы университет баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Берілетін білім бағасына сай болуы керек. Егер университет сапалы білім бермей, мықты мамандарды даярламай, бірақ ол үшін ақы алса, бұл алаяқтық болып есептеледі. Себебі студенттер ол жерден білім емес, тек оқығаны туралы қағаз алып шығады. Ал бұл жастар мен олардың ата-аналарын мазақ қылу деген сөз», - деп есептейді Талғат Нәрікбаев.
Оның айтуынша, тиісті дағдыларды игермей, жұмысқа тұра алмаған студенттер мен ата-аналары университетті сотқа беріп, азаматтық іс бастауы мүмкін. Яғни оқуына жұмсаған ақшаны қайтаруды талап етеді.