Өңірлердегі оқу орындарын әкімдіктерге беру керек. Бұл туралы М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев «Азаматтық алаңда» мәлімдеді, деп хабарлайды
newsroom.kz. порталы.
Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Талғат Нәрікбаевтың айтуынша, облыс әкімдері өз аймағындағы білім саласының сапасына жауапты болған кезде ғана білім саласында айтарлықтар жетістіктерге жетеміз.
«Өңірлердегі жоғары оқу орындарын ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарамағынан облыс әкімдері мен жергілікті атқарушы органдарға беру керек. Егер әкімдердің білім саласына жауапкершілігін арттырсақ, бірден нәтижесін де байқаймыз. ҚР БҒМ тек білім саласындағы мемлекеттік саясатқа жауап беріп, процесті қадағалауы қажет», - деді ол.