Жарылыстан салдарынан зақымданған барлық үйлер қайта жөнделеді

Жарылыстан салдарынан зақымданған барлық үйлер қайта жөнделеді

ашық дереккөзі

Алапат жарылыстар болған Байзақ ауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Оның салдарын жою процесіне Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев жетекшілік ететін болады. Басты мақсат - қираған, бүлінген нысандарды тезірек қалыпқа келтіру. Әкімдік өкілдері бұл шаруаға шамамен екі ай уақыт кетеді деп отыр. Ал жарылыс болған жерге жақын орналасқан үш ауылда  жөндеуді қажет ететін 118 жылжымайтын мүлік анықталған. Оның 106-сы тұрғын үй.  Мұның 35-сі күрделі жөндеуді қажет етеді. Қалған 71-і жеңіл зақымдалған, олар да қалпына келтіріледі. Айта кету керек, төтенше жағдай режимі жарияланғанымен, ауданда тұрғындардың жүріс-тұрысына ешқандай шектеу болмайды. Ал, ресми мәлімет бойынша, апат салдарынан 15 адам қаза тапты. Марқұмдардың көбі өрт сөндірушілер мен әскери қызметшілері. Бір адам әлі іздестірілуде. 90-ға жуық адам жарақат алды. Қазіргі таңда 27 кісі ауруханада жатыр. Жансақтау бөлімінде жатқан біреуінің жағдайы ауыр. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап newsroom.kz. порталы хабарлайды. СӘКЕН ЖҰМАШЕВ, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Ол 85 пайызы күйікпен шалынған. Жағдайы өте ауыр. Сол науқастың жағдайына байланысты астанамен, травматология орталығымен хабарласып, ақылдасып ем-домы жүргізіліп жатыр".

Жүктелуде...