Ердің құны: Жамбылда қайтыс болғандардың отбасына 15 млннан беріледі

Ердің құны: Жамбылда қайтыс болғандардың отбасына 15 млннан беріледі

ашық дереккөзі

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қайтыс болғандардың отбасына 15 миллион теңгеден беріледі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Шадиұлы айтты, деп хабарлайды newsroom.kz.порталы malim.kz-ке сілтеме жасап.

«Он бес адам қайтыс болды. Осы қайтыс болған қызметкерлерге тиісті көмек беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Республикалық бюджеттен 10 миллион, жергілікті бюджеттен 5 миллион теңге әлеуметтік төлем төленетін болды. Сондай-ақ несилері болса, көмек беру немесе қысқарту бойынша қазір банктермен жұмыс істеп жатырмыз», – деді Талғат Шадиұлы Aibat жаңалықтар қызметіне берген сұхбатында. Әкім орынбасары сонымен бірге үй кезегінде тұрғандар мәселесі де қарастырылып жатқанын және мұны қосымша хабарлайтынын айтты. Еске салайық, 26 тамыз кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада жарылыс болып, он бес адам қаза тапты. 29 тамыз жарылыстарға байланысты жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
 

Жүктелуде...