Сарыағашта екпе салу қарқынды жүріп жатыр

Сарыағашта екпе салу қарқынды жүріп жатыр

ашық дереккөзі

Сарыағаш ауданы әкімдігі жанынан құрылған карантин режимін қамтамасыз ету жөніндегі мониторингтік топ 2021 жылдың 21 тамыз күні Жібек жолы ауылдық округі, Жібек жолы елді мекенінде орналасқан «Меруерт» кафесінде шамамен 150 адамның қатысуымен той өтіп жатқанын анықтады. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап newsroom.kz. порталы хабарлайды. Аталған жайт бойынша Сарыағаш аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тиісті шара қолдану үшін жолданды. Сарыағаш ауданы әкімдігі аудан тұрғындары мен қонақтарын карантин талаптарын сақтауға шақырады. Сонымен бірге ауданда вакцинациялау шаралары қарқынды жүргізілуде. 2021 жылдың шілде айынан бастап ауданда жылжымалы егу бригадалары халыққа қолжетімді жерлерде және шалғай ауыл-аймақтардағы үйлерді аралап коронавирусқа қарсы вакцина салу жұмысы қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін 52543 адам салдырған болса, ал екінші компонентін 31070 адам қабылдады. Ауданда бірінші және екінші компонентке арналған екпелер қоры жеткілікті. Қазіргі таңда аудан бойынша 13 егу пункттері ашылған. Олар: Мөлтек, Жібек жолы, Көктөбе, Көктерек, Құркелес, Дарбаза, Ақбура, Қызылжар, Қабланбек, Денсаулық, Орталық, Ақжар, Емхана, Сырдария.

Жүктелуде...