Ордабасы ауданында осы жылдың 7 айында шағын несие ұйымдары арқылы 3921 адам 3 млрд 678 млн. 400 мың теңге несие алды. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап
newsroom.kz. порталы хабарлайды.
Оның ішінде: «Ырыс» МҚҰ ЖШС арқылы 93 адамға 457,8 млн.тг, «КазМикроФинанс» (КМФ) Темірлан арқылы 2301 адамға 1 млрд 279,0 млн тг, «КазМикроФинанс» (КМФ) Төрткүл арқылы 1169 адамға 853,1 млн.тг, «Арнур кередит» несие ұйымы арқылы 298 адамға 689,0 млн.тг, «АгроНесие Ордабасы» ЖШС-гі арқылы 24 адамға 117,0 млн.тг, «Төрткүл несие» ШНҰ арқылы 17 адамға 184,0 млн.тг, «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 19 адамға 95,0 млн.тг несие берілген.
Тартылған несие көктемгі дала жұмыстарына, егін егуге, мал шаруашылығын дамытуға, сауда айналымына, ауыл шаруашылық техникаларын, тұтыну тауарларын сатып алуға бағыталған.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,4 пайызға (2020 жылдың 7 айында 2081 адам 1 млрд. 514,7 млн.тг.) артқан.
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша «БЦК банк» АК арқылы сауда саласындағы және қызмет көрсету саласындағы 75 жеке кәсіпкерлер (жеке кәсіпкерлігін бастағанына 6 ай мерзімнен асқан) қаражат айналымын ұлғайту үшін 316 млн. 366 мың 249 теңге кепілсіз несие алды. Осылайша облыста аудандар рейтингінде Ордабасы ауданы 3 орында тұрақтады.