Айжан Ташенова: «Мамайдың активі – 5 адам»

Айжан Ташенова: «Мамайдың активі – 5 адам»

ашық дереккөзі

Заңгер Айжан Тәшенова Б.Байбектің Ж.Мамай мен И.Иманбаеваға талап-арызы бойынша атқарушылық іс жүргізу барысы туралы хабардар етуін жалғастырып келеді. Бүгін заңгер танымал блогерлер бірге Мамай ісі бойынша сот материалдарын, белсендінің сотқа ұсынған 2 мың беттік дәлел деп атаған материалдарын талқылады, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы. Сонымен қатар Тәшенованың айтуынша Мамай мен Иманбаева 27 тамызда, яғни шоттарына тыйым салынғаннан кейінгі екінші күні 876 402 теңге көлеміндегі сот шығындарын дереу өтегенін және бүгін, бірінші жұмыс күні Б.Байбектің өтініші бойынша қаражат аутизмі бар балаларға жәрдем үшін «Болашақ» корпоративтік қорына аударылғанын хабарлады. Заңгер Жанболат Мамайдың сот шығындарын төлеуі үшін қандай  әрекеттерге барғанынан да тоқталды. «Мамай өзінің бастамаларына «халықтың қолдау білдіретінін» мәлімдеп, небәрі 5 адамнан құралған бар жасағын қарапайым халықтан ақша жинау үшін көшеге шығарды. Алайда оларға қолдарында «Мамай – алаяқ, ұры, сатқын, титушка» деген плакаттары бар адамдар бөгет жасады. Осыдан кейін олардың ешқайсысы қайта көшеге шыққан жоқ. Бұл Мамай мен оның ешқандай қолдауы жоқ жалған партиясы жақтастарының шынайы санын көрсетіп берді», - деп жазды ол фейсбуктегі парақшасында. Бұған дейін Жанболат Мамай әлеуметті желідегі жазбасында «Kaspi» шотына ғана 300 адамның ақша жібергенін» атап өткен болатын. Алайда, заңгердің айтуынша бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат, оны фактілерге сүйеніп, теріске шығару оңай дейді. «Мен талап қоюшының заңды өкілі ретінде сот орындаушысымен үнемі байланыстамын және барлық құжаттарға қол жеткізе аламын. Банкке жіберілген инкассалық өкімге сәйкес Мамай мен Иманбаеваның «Kaspi» шоттарына түсетін барлық қаражатты сот орындаушысы автоматты түрде шегеріп алып отырады. Осылайша, егер Мамайдың сөзі рас болса, онда тек оның шотынан 26 және 27 тамызда 300 банктік шегеріп алу болуы керек еді. Нақты дерекке сүйенсек, Мамай мен Иманбаеваның 2 шотынан бар-жоғы 7 төлем ғана болды», - делінген хабарламада. Сонымен бірге заңгер белсендінің жиналған қаржының есебін бермегенін де сынға алды. «Бүгінгі таңда әр адамда «Kaspi» қосымшасы бар екенін ескерсек, біреудің Мамайға қолма-қол ақша әкеліп бергеніне ешкім сенбейді. 500 және 339 теңге көлеміндегі екі аударымды ғана басқа адамдардан түскен деуге болады. Бұл халықтың Мамайға деген сенімінің нақты көрсеткіші. Сол себепті де ол өзінің «қайырымдылық» шотынан үзінді көшірме жариялаған жоқ және жарияламайды да. Сонымен қатар, Мамайдың әлеуметтік желідегі ақша жинау туралы жазбасына халық жүздеген теріс пікір қалдырды. Алайда Мамай оларды дереу өшіріп отырды», - деп қосты ол. Еске сала кетейік, сот шешіміне сәйкес Ж.Мамай сот шығындарын өтеумен қатар, бұған дейін өзі жариялаған Б.Байбек туралы видеоларды өшіріп, теріске шығаруы тиіс. 27 тамыздан бастап Мамай мен Иманбаеваға әр орындалмаған күн үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (5.834 теңге) өсімпұл есептеледі. Ол мәжбүрлеп алынуы, соның ішінде шотты бұғаттау арқылы өндірілуі мүмкін. Егер бұл талап 2 ай ішінде орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке (қамауға алу немесе айыппұл) тартылуы мүмкін. 6 айдан астам уақыт орындалмаған жағдайда Қылмыстық кодекске сәйкес,  800 сағаттық қоғамдық жұмыс, 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Жүктелуде...