Тарихи жетістік

Тарихи жетістік

ашық дереккөзі

Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында ел құрамасының қоржыны тағы бір күміс жүлдемен толықты. Оны парадзюдо бойынша ауыр салмақта сынға түскен Зарина Байбатина салды. Отандасымыз іріктеу сындарынан сүрінбей өтіп, тек ақтық белдесуде әзірбайжандық спортшыға жол беріп қойды. Осылайша Қазақстан құрамасы 1 алтын 3 күміс еншілеп тарихи жетістікке жетті. Себебі, отандық паралимпиада шеберлері бұған дейінгі өткен төртжылдықтың басты додаларында 1 алтын және 1 күміс еншілеген еді. Бүкіл әлем елдерінің басын қосқан бәсеке осы апта мәресіне жетеді. Енді, спортшыларымыз таэквондодан жүлдеге таласатын болады. Айта кетейін биылғы паралимиада ойындарына құрама мүшелері спорттың 7 түрі бойынша 26 лицензия жеңіп алған болатын.  Бұл туралы newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. ЖАНДОС ҚИЯНОВ, ПАРАДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ: "Бүгін міне 4 жылдықтың басты додасы Паралимиядалық ойындардың парадзюдо күресі аяқталды. Үш күнге созылған әлемдік доданың бүгін міне 3 күміс жүлдемен аяқтап отырмыз Қазақстан құрамасы. Әрине, бұл үлкен жетістік. Өйткені, парадзюдоның бастау алғаны күні кеше".   https://youtu.be/NEPFo7PVdgA?t=1359

Жүктелуде...