Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын деген
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 31 тамыздағы № 649 Жарлығында.
Мұрат Кәрібайұлы Бектанов (
18 қыркүйек 1965,
Соколовка ауылы,
Соколов ауданы,
Солтүстік Қазақстан облысы,
Қазақ КСР) —
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жоғарғы қолбасшылығының өкілі, генерал-лейтенант (2020).
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - 2020 жылғы 5 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы (2016-2019).
1965 жылы 18 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы, Соколовский ауданы, Сколовка ауылында дүниеге келген.
1988 жылы
Киевтік жоғары қарулы қолбасшылық училищесін бітірді.
1989-1990 - мотоатқыштар взводының командирі, десанттық-шабуылдау взводының командирі.
1990-1993 жылдары десанттық-шабуылдау батальонының барлау бастығы болды.
1993-1997 жылдары — взвод командирі,
Алматы жоғарғы әскери академиясының курсанттар ротасының командирі.
1997-1998 жылдары - штаб бастығы-РҚҚ командирі орынбасары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жауынгерлік даярлық бөлімінің офицері болды.
1998 жылдан 2000 жылға дейін - академия тыңдаушысы.
2000 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери академиясын бітірген
2000-2001 жылдары - топ бастығы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының жедел жоспарлау бөлімінің аға офицері.
2001-2005 жылдары - бөлім бастығы, жедел бөлім бастығы, Республикалық ұлан әскерлерінің жауынгерлік қызмет және дайындық бөлімінің бастығы.
2005-2007 - Бас штаб әскери академиясының тыңдаушысы.
2007 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірді.
2007-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитетінің жедел жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары.
2010-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитетінің жедел жоспарлау бөлімінің бастығы.
2013-2016 жылдары
[1] - Қазақстан Республикасы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы.
2016 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлықтағы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды
[2].
2020 жылы 6 мамырда
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен оған
генерал-лейтенант әскери атағы берілді.