Ордабасы ауданының тұрғыны өз үйінде кәсібін дөңгелетіп отыр, деп хабарлайды
newsroom.kz.тілшісі.
Ордабасы ауданы Қажымұқан ауыл округіне қарасты Көктөбе елдімекенінің тұрғыны Ұлжан Молдабаева жеке үй шаруашылығы секторында көкөністен 9 түрлі өнім консервілеуде. Ол күніне орташа есеппен 150-250 құты өнім жабатын кәсіпкерлік нысанымен 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Жеке кәсіпкер өзіне тиесілі 3 гектар жер теліміне консервілеуге қажетті көкөніс егіп, түскен өнімді кәдеге жаратуда. Өз қаржысымен кәсібін дөңгелеткен ауыл тұрғыны жылына 10 000-нан астам консерві дайындайды екен. Кәсіптің көзін тапқан деген осы болар.