weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
26 тамыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бір аптада карантин талаптарын бұзушылықтың 10 жайты анықталды

Бір аптада карантин талаптарын бұзушылықтың 10 жайты анықталды

Бір аптада карантин талаптарын бұзушылықтың 10 жайты анықталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысының полицейлері бір апта ішінде карантин талаптарын бұзушылықтың 10 жайтын анықтады, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі. Коронавирус инфекциясының кең таралып жатқанына байланысты, тәртіп сақшылары тұрақты түрде рейдтік жұмыстарды жүргізуде. Осы орайда Кентау қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бір апта ішінде ҚР Түркістан облысының Бас санитариялық дәрігерінің қаулысын бұзып, карантин талаптарын сақтамаған 10 жайтты анықтады. Мысалы, кешкі сағат 17:20 шамасында қала көшелерінің бірінде орналасқан дүкеннің сатушысы бетпердесіз қызмет көрсеткен. Сонымен қатар дәріханалардың бірінде де қызметкері бетперде тақпастан жүрген. Полиция қызметкерлері аталған жайттарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім шығару үшін тиісті орынға жолданды.