weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
25 тамыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістанда Конституция күніне арналған концерт өтеді

Түркістанда Конституция күніне арналған концерт өтеді

Түркістанда Конституция күніне арналған концерт өтеді
ашық дереккөзі
Түркістанда «Тәуелсіздік тірегі – Ата Заң» атты мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі. Түркістан облысы Мәдениет басқармасы «Конгресс Холл» көпсалалы кешені МКҚК мен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ бірлесіп, «Тәуелсіздік тірегі – Ата Заң» атты мерекелік концерт өткізуді жоспарлап отыр. 30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне арналған мерекелік концерттің мақсаты Ата Заңның маңызын ұлықтай отырып, қадір-қасиетін ұғындыру, жастар – қоғамныңқозғаушы күші ретінде құзіретті құжаттың жан-жақты дамуына ықпал ету. Мерекелік кеш қонақтары кешенге карантиндік талаптарды сақтай отырып, «Ashyq» платформасы арқылы кіргізіледі. Мерекелік концерт Түркістандағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешені МКҚК-ның фоэсінде 27 тамыз күні сағат 11:00-де басталады.