weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
24 тамыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Арыстықтар елордадағы жәрмеңкеге 33 тонна өнім апарды

Арыстықтар елордадағы жәрмеңкеге 33 тонна өнім апарды

Арыстықтар елордадағы жәрмеңкеге 33 тонна өнім апарды
ашық дереккөзі
Аптаның соңғы күндерінде Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі. Елордадағы "Ханшатыр" ойын-сауық орталығының іргесінде сенбі, жексенбі күндері ұйымдастырылатын жәрмеңкеге Арыс қаласының шаруалары 33 тонна азық-түлік өнімдерін апарды. Атап өтсек, жыл сайын күзге қарай өтетін дәстүрлі жәрмеңкенің биылғы бетпердесін Түркістан облысы ашып берген. Облыс шаруалары жалпы көлемі 500 тоннадан астам жергілікті өнімнің сан түрін Нұр-Сұлтанға жеткізген болса, оның 33 тоннасын арыстық шаруалар ұсынды. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына орай, әкім орынбасары Сапар Дәрібаев пен Арыс қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлыбек Біләлбеков шаруалар өнімін 3 жүк көлігімен Сарыарқа төріне дін аман жеткізілуін қамтамасыз етті. Арыстық шаруалар мен диқандар астаналықтарға ұсынған өнімдердің құрамында 7 тонна ет, 23 тонна көкөніс пен бақша өнімдері және 3 тонна сүт өнімдері бар.