Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 тамыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Дархан Мыңбай Түлкібастағы қауын-қарбыз егуді қолға алған шаруамен кездесті

Дархан Мыңбай Түлкібастағы қауын-қарбыз егуді қолға алған шаруамен кездесті

Дархан Мыңбай Түлкібастағы қауын-қарбыз егуді қолға алған шаруамен кездесті
ашық дереккөзі
Дархан Қамзабекұлы сыртта жүріп Түлкібас ауданында кенжелеп қалған қарбыз-қауын егу шаруасын қолға алған ақсақал туралы көп естігенін айтты. Туған жерге бас сұққанда, кіріп кетпеуім азаматтығыма сын деп, егін алқабына жол тартты. Қауын мен қарбыздың жалпы онға жуық түрін өсіріп отырған Әжібай қария келген қонақтарға өнім түрлерін таныстырып, алдағы жоспарымен бөлісті. Халық қалаулысы шаруашылық басына жиналған ауыл тұрғындарымен кездесіп, мұң-мұқтаждарын тыңдап, егін шаруашылығы саласындағы өз ойымен бөлісті. «Түлкібас ауданы - ауылшаруашылық саласына қолайлы өңір болғандықтан, тұрғындардың көбі егіншілік пен бау шаруашылығымен айналысады. Соңғы жылдары ауданымыздағы егістік каналдары республикалық «Қазсушар» мекемесінің теңгеріміне өтіп, қаржы бөлініп, каналдарға жөндеу жұмыстары басталған болатын. Алайда, каналдарға жөндеу жұмыстары сапасыз атқарылғандықтан егін егетін көктем мезгілінде көптеген шаруалар суға зар болып, егістікті дұрыс еге алмады. Жөнделген каналдарға су көтерілмей, көптеген кемшіліктер орын алды. Алдағы көктем мезгілінде осы мәселе қайта қайталануы мүмкін. Сондықтан шаруалардың мұңын республикалық «Қазсушар» мекемесінің басшылығына және тиісті жауапты мекемелерге жеткізсеңіз»- деп ауыл тұрғындары өтініштерін, реніштерін білдірді. Сонымен қатар, тұрғындар суғармалы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында егістікке су жинайтын тоған салу мәселесіне ықпал жасасаңыз» - деді ол. Түлкібас ауданының табиғаты туризм саласын дамытуға өте қолайлы болғандықтан, келуші туристер саны жыл сайын артып келеді. ҚР Мәжілісі депутаты Дархан Қамзабекұлымен жақында ғана Қараағашты ауылында ашылған «Etno Park Resort» демалыс аймағында болып, туристік нысанның басшылығымен кездесті. Кездесуде кәсіпкер ауыл тұрғындарына берілетін несиенің кепілге қойылатын мүліктің яғни, тұрғын үй немесе ғимараттың бағалау бағасы қаладағы тұрғын үй немесе ғимараттың бағалау бағасымен бірдей болса деген өтінішін білдірді. Нәтижесінде әрбір ауылда кәсіпкерлік дамып, ауыл тұрғындары төмен пайызбен несие алып, кепілге тұрғын үйін қойып, өз кәсібін әрі қарай дөңгелетуіне мүмкіндік болатынын айтты. Қаржы ұйымдары осы мәселеге назар аударса деді. Ұсыныстарды тыңдаған халық қалаулысы алдағы уақытта тиісті мекемелерге ұсыныс білдіретінін жеткізді. Түлкібастың әр тасының киелі, топырағының құнары мол екенін айтып, өндіріс, құрылыс пен ауылшаруашылық, руханият пен туризм саласы қатар дамыса, ауданымыздың экономикасы мен тұрғындардың әлеуметтік жағайы да артары сөзсіз екенін тілге тиек етілді. Шара соңында аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы айтылған мәселелер бойынша дербес бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.