weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
20 тамыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мақтааралда тағы бір спорт алаңшасы пайдалануға берілді

Мақтааралда тағы бір спорт алаңшасы пайдалануға берілді

Мақтааралда тағы бір спорт алаңшасы пайдалануға берілді
ашық дереккөзі
Мақтааралда төртінші деңгейлі бюджеттен құрылысы жүрген тағы бір спорт алаңшасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі. Мақтаарал ауданы Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Мырзатөбе ауылында төртінші деңгейлі бюджеттен құрылысы жүрген тағы бір спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Нысанның ресми ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова тұрғындарды қуанышымен құттықтап, нысанның ресми түрде лентасын қиды. Сонымен қатар, А.Күнтуқызы Мырзатөбе ауылының жастарын спортқа баулитын жаңа спорт нысаны тікелей аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен салынғанын атап өтті. Спорт алаңшсына әлемдік стандартқа сай 40х20 метрге жасанды газон төселген. Түнгі уақытта да қызмет көрсету үшін жарықтандыру жұмыстары жүргізілген. Нысанның құрылысына ауылдық округтің бюджетінен 7,5 миллион теңге қаржы бөлініп, "АТО" жеке кәсіпкерлігі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілген. Спорт алаңшасының ресми ашылу салтанаты барысында ауыл балаларынан құралған командалар арасында өзара тартысты жарыс өтіп, жеңімпаздар арнайы кубоктармен, сый-сияпаттармен марапатталды.