Белгілі әзілкеш Нұрболхан Шарапов Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа шүйлікті. Ол өзінің мәлімдемесін Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде жариялады деп жазады Instagram әлеуметтік желісіндегі
@shyndykkz парақшасына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.
Нұрболхан Шарапов:
- Біздің билік проходной двор бопты ғой. ЧП болса отставкаға кеттім дей салатын бопты ғой. Жауапқа тартылсын. Жазасын алсын. Ішкен антың қайда? Қашып құтылам дедеің ба? Жазаңды өтеп кетесің отставкаға - деп жазған.
Айта кететін жайт, танымал әзілекш соңғы кездері жұрттың мұң-мұқтажы мен түрлі қоғамдық және әлеуметтік мәселелерді жиі көтеріп келеді.