Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 тамыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: Ордабасыда 10 мыңнан астам адамға АӘК берілді

Түркістан: Ордабасыда 10 мыңнан астам адамға АӘК берілді

Түркістан: Ордабасыда 10 мыңнан астам адамға АӘК берілді
ашық дереккөзі
2021 жылдың 1 тамызында Ордабасы ауданында 1895 отбасының 10505 мүшесіне 511791,3 мың теңге атаулы көмек тағайындалып, 427740,0 мың теңге берілді, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі. Ал, кепілдендірілген әлеуметтік пакетке (тағамы мен гигиеналық құралдары) 1-6 жастағы 4008 балаға 301 154 266 мың теңге қаралған. Бүгінгі таңда 1895 отбасының 1-6 жасқа дейінгі 2942 баласына 87723,3 мың теңгенің кепілдендірілген топтамасы төленді. Сондай-ақ, «Халықаралық қайырымдылық қоры» ТҚ демеушілігімен осы жылдың бірінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алған мүгедек баланы күтумен айналысатын 48 отбасыға қайырымдылық көмек есебінен 50000 теңгенің азық-түлік қорапшасы таратылды. Ал, «Астана күні» мерекесі қарсаңында «Халықаралық қайырымдылық қоры» ТҚ демеушілігімен атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінен мүгедек баланы күтумен айналысатын 31 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетіліп, 50000 теңгенің азық-түлік қорапшасы үлестірілген. Сонымен қатар, шілде айында атаулы әлеуметтік көмек алған 1513 отбасыға мемлекет тарапынан медициналық қорапша (аптечка) таратылған. Оның ішінде цифрлық термометр, 100 дана медициналық маска, антисептик, ибупрофен және парацетамол таблеткалары бар.