Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 тамыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: Қоғам қайраткерлері мен жастар кездесті

Түркістан: Қоғам қайраткерлері мен жастар кездесті

Түркістан: Қоғам қайраткерлері мен жастар кездесті
ашық дереккөзі
Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығында» «Жақсыдан тәлім» атты еркін форматтағы кездесу өтті, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі. Түркістан қаласында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қоғам қайраткерлері мен жастар арасында «Жақсыдан тәлім» атты еркін форматтағы кездесу ұйымдастырылды. Аталмыш шараға Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Жеңісбек Мәуленқұлов, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Шәріпбек Жамалбекұлы, «Құрмет» орденінің иегері, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Өмірзақ Мелдеханов және Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Сариев Дәурен Нұрланұлы қатысты. Жиын барысында сөз бастаған Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерекесімен құттықтай отырып, жастарды Тәуелсіздігіміздің қадірін біліп, еліміздің дамуына үлес қосуға шақырды. Ел тәуелсіздігінің тұғыры биік болуын сөз етіп, бүгінгі жетістіктің негізгі басты себебі — егемендік екеніне ерекше тоқталды. Бұл ретте оңтүстік жастарының белсенділігі мен 30 жылдыққа қосар үлес, салмақтары екшеліп, болашақта атқарылар жұмыстардың барысы талқыланды. Сонымен қатар, қонақтар Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» және жас кәсіпкерлердің төл өнімдерімен танысып, орталық жанынан құрылған сурет үйірмесі көрмесін тамашалады. Ардагерлер болашақ жас кәсіпкерлерге ақыл-кеңестерін беріп, ел тәуелсіздігін қастерлеуге шақырып, алғыстарын арнады. Кездесуде қоғам қайраткерлері жастарға өз өмірлері мен жүріп өткен жолдарынан естеліктер айта отырып, ақыл-кеңестерін, ақ баталарын берді. Іс-шара барысында дәстүрлі әндер шырқалып, сұрақ-жауап алмасып, ұсыныстар айтылды.