«Nur Otan» партиясы мәжілісінде Түркістан облысында шағын және моноқалаларды дамыту және абаттандыру мәселелері кеңінен талқыланды, деп хабарлайды
newsroom.kz.тілшісі.
Түркістанда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Өңірлерді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесінің мәжілісі өткен болатын. Аталған жиында үш мәселе талқыланды. Соның ішінде Түркістан облысында шағын және моноқалаларды дамыту және абаттандыру мәселелері кеңінен талқыланған еді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Түркістан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысының орынбасары Абай Шеңгелбаевтың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, Түркістан облысының моноқалаларын дамыту мақсатында түрлі бағыттар бойынша қажетті іс-шаралар қолға алынған. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы шағын несие беру үшін 885 млн.теңге бөлініп, 81 микрокредит берілген.