Төлебилік кәсіпкер халал дәмхана тұрғызып, ел игілігіне пайдалануға берді, деп хабарлайды
newsroom.kz.тілшісі.
Төлеби ауданы Алатау ауылдық округі Шатыртөбе елді мекенінде кәсіпкер Бегалы Шералыұлы өз қаржысы есебінен халал дәмхана тұрғызып, ел игілігіне пайдалануға берді. Дәмхананың бір ерекшелігі мұнда ауданның кез –келген бөлігінде тұратын тұрғындар құдайы тамақ, ас, ауызашарды тегін өткізе алады. Кәсіпкер бұл үшін ғимаратты ғана емес, сонда өз қаржысына сатып алып қойған ыдыстың кез келген түрін ақысыз қолдануға береді.
Заманауи, кең, әрі әсем безендірілген «Ырысбайұлы-Шералы ата» халал дәмханасы мешіт маңында орналасқан. Құны 30 млн теңгені құрайтын ғимараттың сыйымдылығы 250 адам. Әлеуметтік маңызы бар нысан орындық, ыдыс-аяқ сынды керекті заттармен толық жабдықталған. Тек жақсы істерді жасауға ниет еткен азаматтар болса болғаны.
Туған жерін көркейтіп, әлеуетінің артуына септігін тигізіп келе жатқан кәсіпкер бүгінде ауылдағы көптеген аз қамтылған отбасыларына көмек беріп келеді. Бегалы Шералыұлы өз қаржысы есебінен мұқтаж жандарға азық-түлік себеттерін таратып, ел алығысын алуда. Кәсіпкер «Ырысбайұлы-Шералы ата» халал дәмханасын тегін пайдалануға беріп, туған жеріне, еліне деген махаббатың, сүйіспеншілігін білдірді.