Жамбылдағы төтенше жағдайға байланысты Шымкенттік жүргізушілер тұрғындарға тегін көмек беруде

Жамбылдағы төтенше жағдайға байланысты Шымкенттік жүргізушілер тұрғындарға тегін көмек беруде

ашық дереккөзі

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысы маңында әскер қоймада жарылыс орын алып, тұрғындар ол жерден кетіп жатқаны туралы видео тарап кеткен еді. Оқыс оқиға орын алғандықтан Алматы мен Тараз қалаларының жолдары жабылып, көліктер мен поездар тоқтатылды. Төтенше жағдайға бей-жай қарамаған көрші облыс тұрғындары көмек көрсетуге ниеттенген. Осылайша шымкенттік жүргізушілер тұрғындарды қауіпті аймақтан өзге өңірге тегін тасылмалдауға бел буған. Олардың "тегін тасымалдаймын" деген жазбалары желіде тарап жатыр. Олардың төтенше жағдай кезінде көрші облысқа көмектескеніне желі қолданушылары тәнті болуда. "Нағыз қазақтың қарапайым жігіттері!", "Осындай азаматтардың әлі де барына шүкір!", "Шымкентке риза боласың, ел басына күн туғанда әрқашан көмек беруге дайын", "Алла разы болсын!", "Жақсылықтары Алладан қайтсын" жеп жазды орлар. Естеріңізге сала кетсек, кеше сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жойқын жарылыс болды. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланды. Жарылыс салдарынан 88 адам зардап шегіп, 5 әскери қаза тапты. 6 адамның жағдайы ауыр деп бағалануда.  

Жүктелуде...