Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
27 тамыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Тұрғындардың техникасы күйіп кетті

Тұрғындардың техникасы күйіп кетті

Тұрғындардың техникасы күйіп кетті
ашық дереккөзі
Алматы облысында кернеудегі ақаудың кесірінен көпқабатты тұтас бір тұрғын үй кешеніндегі жұрттың тұрмыстық техникалары күйіп кетті. Теледидары мен тоңазытқышы істен шыққан тұрғындар шығындарын кімнен өндіріп аларын білмей дал болуда. Ол аздай, жарық сөніп, сусыз қалған. Ал құрылысты салған мекеме мен басқарушы компания кінәні бір-біріне артуда, деп «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасаған newsroom.kz. порталы хабарлайды. Алматы облысында кернеудегі ақаудың кесірінен көпқабатты тұтас бір тұрғын үй кешеніндегі жұрттың тұрмыстық техникалары күйіп кетті. Теледидары мен тоңазытқышы істен шыққан тұрғындар шығындарын кімнен өндіріп аларларын білмей дал болуда. Ол аздай, жарық сөніп, сусыз қалған. Ал құрылысты салған мекеме мен басқарушы компания кінәні бір-біріне артуда. Тақырыпты тілшіміз тарқатады. "Я вот за этим компьютером работал в 12 часов. Отключился разок, включился и здесь произошёл взрыв в системном блоке". Құралбек Қартабаев таңнан бері келген шығынды есептеумен әлек. Электр кернеуіндегі ақаудан үйіндегі барлық тұрмыстық техника істен шыққан. Қас пен көздің арасында барлығы жарамсыз күйге жеткен. "Микротолқынды пеш, теледидар, тоңазытқыш істемей қалды. Оларды алғанымызға бір жыл да болған жоқ. Енді кімге барып шағым айтарымызды білмейміз. Маған келген шығын шамамен 800 мың теңге",-дейді Gres Park тұрғын үй кешенінің тұрғыны Құралбек Қартабаев. Тұрғындардың айтуынша, электр қуатының мұнда құбылып тұрғанына біраз болыпты. Ал соңғы апаттан соң жарықпен бірге ауыз судан да қағылған. Жұрт бұған жұмыстарды сапасыз атқарған құрылыс компаниясы мен басқарушы мекемені кінәлауда. Бұл тұрғын үй кешенінде 150-ге жуық отбасы тұрады екен. "Әлі күнге дейін "лицевой счет" дейміз ғой, сол жоқ. Компанияның счетына төлейміз ақша. 90 теңге бір шаршы метріне алады. Көп жағдайда свет өшеді. Свет өшкеннен кейін өзіміздің скважина бар. Ол мотормен жұмыс істегендіктен, су жоқ болады үйде. Сол үшін адамдарға ыңғайсыздық тудырады",-деді gres park тұрғын үй кешенінің тұрғыны Қаршыға Байғали. Бір-ақ сәтте шаш етктен шығынға батып, ашынып отырған тұрғындармен кездесуге тек басқарушы мекеменің өкілі ғана келді. Оның сөзінше, электр қуаты ақауы бар қондырғылардың кесірінен сөніп қалыпты. "Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр: эксковатормен қазу кезінде кабелге тиіп кеткен. 2-3 сағаттың ішінде қалпына келтіріледі. Мен барлығын құрылыс компаниясына жеткіздім, тұрғындар да хат жазған. Участок басшысына да барлығын түсіндіріп айттым",-деді басқарушы компанияның директоры Сәбира Татанова. Құрылыс компаниясына хабарласқанымызда олар тұрғындардан ауызша да, жазбаша да өтініш келіп түспегенін айтып, басқарушы компания басшысының сөзін жоққа шығарды. Бірақ, арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Шығын өтеле ме, жоқ па ол жағы әлі белгісіз.