Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жарылыстар тоқтады, алайда өрт жалғасуда

Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жарылыстар тоқтады, алайда өрт жалғасуда

ашық дереккөзі

Қорғаныс министрі оқиға орнында Жамбыл облысының әкімімен, Төтенше жағдайлар министрімен, мемлекеттік органдардың жедел штаб басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға салдарын жою мақсатында барлық мемлекеттік органдар жұмылдырылған. Қарулы Күштер бөлімшелерінің, төтенше жағдайлар департаментінің, ішкі істердің, әкімдіктің, медициналық мекемелердің іс-қимылдары үйлестірілген. Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жарылыстар тоқтады, дегенмен өрт жалғасуда. Инженерлік оқ-дәрілер жердегі қоймаларда сақталады. Қоймаларда жер асты сақтау орындары жоқ. Осы әскери бөлімде оқ-дәрілердің басқа түрлері (артиллериялық, реактивті, зымырандық, атыс) сақталмайды. «Инженерлік оқ-дәрілер арасында жарылыс кезінде сынықтары мен ірі қалдықтары ұшатын снарядтар жоқ. Сонымен қатар түрлі жарылғыш заттардың жанып, жарылуы салдарынан соққы толқыны, ауқымды жалын мен қатты дүмпулер орын алуы ықтимал»,-делінген хабарламада. Осыған дейін жарылыстың әскери бөлімнің қоймасындағы тротилдің тұтынуынан болуы ықтимал екені айтылған болатын. Айта кетейік, бүгін сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды. Жарылыстан зардап шеккендер саны 66 адамға жетті. Олардың көбі жеңіл жарақат алғандар, тек 2 адамның ғана жағдайы ауыр. Зардап шеккендердің арасында 12 әскери қызметші бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы жағдайдың бақылауда екенін жазды.  

Жүктелуде...